Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырдың соңында салына бастаған, толық аяқталмай қалған. 2003 жылдан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімінде.
Фото: Petar Milošević · CC BY-SA 4.0 · Wikimedia CommonsСабақ жоспарлары (ҚМЖ), деңгейлік тапсырмалар мен тесттер, БЖБ мен ҚБ, презентациялар және әдістемелік көмекші құралдар бір жерде.
Сабақта көрсетуге болатын ескерткіштер. Суретті үлкейту үшін басыңыз.
Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырдың соңында салына бастаған, толық аяқталмай қалған. 2003 жылдан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімінде.
Фото: Petar Milošević · CC BY-SA 4.0 · Wikimedia CommonsШатқалда 5 мыңға жуық петроглиф бар, ең көнелері қола дәуіріне жатады. Күн басты адам бейнелерімен белгілі. 2004 жылдан ЮНЕСКО тізімінде.
Фото: Stomac · CC BY-SA 3.0 · Wikimedia Commons1969–1970 жылдары Кемал Ақышев бастаған экспедиция тапқан сақ жауынгері, шамамен б.з.б. IV–III ғасырлар. Суретте мұражайдағы қалпына келтірілген киімі.
Фото: eggry · CC BY-SA 2.0 · Wikimedia CommonsXI–XII ғасырлардың ескерткіші. Қабырғалары ою-өрнекті терракота кірпішпен қапталған.
Фото: Дмитрий Кошелев · CC BY-SA 4.0 · Wikimedia CommonsҰлы Жібек жолындағы ірі қала. 1219–1220 жылдары Шыңғыс хан әскерінің қоршауына бірнеше ай бойы төтеп берген.
Фото: Denis Sorokin · CC BY 4.0 · Wikimedia CommonsКөшпелілердің жиналмалы үйі: кереге, уық, шаңырақ және киізден құралады. Тез жиналып, көшкенде атқа не түйеге артылады.
Фото: Alexandr Frolov · CC BY-SA 4.0 · Wikimedia CommonsҚМЖ, тесттер, БЖБ, ҚБ тапсырмалары мен презентациялар. Файлды алу үшін «Жүктеу» батырмасын басыңыз.
Сабақ жоспарлау мен бағалауға қажетті негізгі ақпарат.
| Кезең | Уақыт | Мазмұны |
|---|---|---|
| Басы | 5 мин | Ұйымдастыру, психологиялық ахуал, өткенді еске түсіру |
| Ортасы | 30–35 мин | Жаңа тақырып, жеке/жұптық/топтық тапсырмалар, сергіту сәті |
| Соңы | 5 мин | Бекіту, рефлексия, кері байланыс, үй тапсырмасы |
Тоқсандық баға әдетте мына үлесте есептеледі: ФБ 50%, БЖБ 25%, ТЖБ 25%. ТЖБ өткізілмейтін пәндерде ФБ 50%, БЖБ 50%.
Ресми ресурстар, оқулықтар, сабаққа арналған интерактив құралдар және жасанды интеллект. Сілтеме жаңа бетте ашылады.
Мұғалім білуге тиіс нұсқау хаттар, бұйрықтар мен заңдар. Мазмұны 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың жобасы бойынша жазылды.
Құжатты басып оқуға немесе жүктеп алуға болады.
Жаңа құжатты «Құжат қосу» арқылы «Құжат» түрімен жүктеңіз.
Нұсқау хаттың жобасынан қысқаша. Бекітілген нұсқасы шыққанда салыстырып шығыңыз.
2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес мемлекеттік стандарттар (МЖМБС), үлгілік оқу жоспарлары мен барлық пәндердің бағдарламалары жаңартылды.
2026 жыл — «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы». Жаңа пәндер: «Цифрлық сауаттылық және ЖИ» (1–4-сынып), «Информатика және ЖИ» (5–11-сынып). Материал дайындауда ЖИ қолдану ұсынылады, бірақ бағалау мен қорытынды шешім педагогтің өзінде қалады.
Алғашқы екеуін тарих және құқық негіздері мұғалімдері, «Жеке қауіпсіздік» курсын педагог-психолог жүргізеді.
9-сыныпқа жетілдірілген бағдарлама енгізіледі (4 бөлім, тоқсандар бойынша бөлінген). 10–11-сыныптарда пән таңдау компоненті емес, міндетті пән болады.
10–11-сыныптарға жаңартылған үлгілік оқу жоспары енгізіледі, №500 бұйрықтың бірқатар қосымшалары алынып тасталады. 7–9-сыныптарда геометрия аптасына 2 сағат оқытылады.
Бұл тәртіп тек 2–4-сыныптарға қатысты. 1-сыныпта баға қойылмайды.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы; «Заң мен Тәртіп», «Еңбек адамы», «Таза Қазақстан» қағидаттары. «Зерделі ұлт» бастамасы аясында «12 ай – 12 кітап» жобасы, кітаптар тізімі: edu.bookfund.gov.kz.
Білім күнінің ұсынылған тақырыбы: «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі».
Қазақ мемлекеттілігінің сабақтастығына, Ұлы даланың әлемдік өркениеттегі рөліне және тарихи-мәдени мұраны объективті түсінуге басымдық беріледі. Мысалы, 6-сыныпта 6.2.1.3 мақсаты бойынша Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн және Қожа Ахмет Ясауи мұрасы оқытылады.
Нұсқау хаттағы 56 актінің ішінен мұғалімге жиі керегі. Сілтемелер «Әділет» жүйесіндегі ресми мәтінге апарады, онда соңғы өзгерістер де жарияланады.
Толық тізім (56 акт) нұсқау хаттың 8–12-беттерінде. Құжат жоба болғандықтан, бекітілген нұсқасында өзгерістер болуы мүмкін.
Тақырыпты жазыңыз, қажет болса дереккөз қосыңыз: жасанды интеллект ҚМЖ, презентация немесе тест дайындайды. Нәтижені осы жерде өңдеп, Word не PowerPoint файлы етіп жүктейсіз.
Бағаң қалай шығатынын біл, презентацияларды қайталап шық.
Мысал мәндер енгізілген. Өз баллыңды жаз.
| Пайыз | Баға |
|---|---|
| 85–100% | 5 |
| 65–84% | 4 |
| 40–64% | 3 |
| 0–39% | 2 |
| Пән | Балл |
|---|---|
| Қазақстан тарихы | 20 |
| Оқу сауаттылығы | 10 |
| Математикалық сауаттылық | 10 |
| 1-бейіндік пән | 50 |
| 2-бейіндік пән | 50 |
| Барлығы | 140 |
Ресми ақпарат: testcenter.kz